Біздің жаңа құралған кафедрамызда жақсы хабар – біздің жетегіміздегі кураторлық топтардың екеуі 2017-2018 оқу жылдың көктемгі семестрінде марапатқа ие болды. Жалпы медицина факультетінің 225 топ студенттері (кураторы – физиология кафедрасының оқытушысы Садыкова Э.А.) семестр қорытындысы бойынша 1 орынды иеленсе, 221 топ студенттері (куратор – физиология кафедрасының доценті Сайдахметова А.С.) 2 жүлделі орынға шықты. Топ студенттеріне жетістіктері үшін арнайы марапаттау мен факультет деканының жақсы тілегі баяндалған дипломдар табысталды. Біз кафедра атынан студенттерге осы беттеріңізден таймай, болашақта онан да биік жетістіктерге жетіңіздер, дендеріңіз сау болып саналы өмір сүрулеріңіздер демекпіз. Біз сіздермен мақтанамыз!
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу