2018жылыдың 15-ші қазанында СММУ акушерия және гинекология кафедрасы ШҚҚ МКМ Преинатальды орталықта ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауын 3-ші жылдың резиденттерімен және кафедраның мұғалімдерімен, кураторлармен резиденттердің жетекшілері, Перинатальды орталықтың дәрігерлерімен талқылады.
05 қазан 2018жылы ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Ақорда резиденциясында Казахстан тұрғындарына жолдау жасады. Жолдау 6 бөлімнен бөлінген.. Жолдау барысында Мемлекет өмірінің барлық бағыттары қарастырылды.
І бөлім «Халықтың табысының өсуі»
ІІ бөлім «Тұрмыс сапасын арттыру», президент білім беру, денсаулық сақтау саласы жайлы мәселе қозғады.
ІІІ бөлім «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру»
ІV бөлім «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат»
V бөлім «Тиімді сыртқы саясат»
VІ бөлім «Әрбір Қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үрдістеріне атсалысуы»
«Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!» – осы сөздермен президент өзінің жолдауын аяқтады.
Жолдауды талқылауға қатысқан дәрігерлер, мұғалімдер және резиденттер талдауда белсенділік танытты. Қызықтырған сұрақтар қойылды. Талқылаудың соңында әр қатысушы Ел басымыздың жолдауын жүзеге асыру үшін өздерінің алдына мақсат бағдар қойды.