19.10.2018ж. ШЖҚ КМК«Семей қ. №1 Емханасында» отбасылық медици на кафедрасы, терапевтикалық стоматология кафедрасы және бет-жақтық және пластикалық хирургия кафедрасында 05.10.2018ж. ҚР Президенті Назарбаев Н.А. қазақ халқына жолдауы«қазақ халқының әл-ауқатының өсуі: табысты және өмір сапасынжоғарлату» бойынша конференция өткізілді.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Казымов М.С. білім саласында, медицина саласы және денсаулық сақтау бойынша негізгі сұрақтарды қозғады. ҚР Президенті осындай мақсаттар қойды:
- Табысты жоғарлату. Осыған байланысты үкіметке 01.01.2019ж. бастап минимальды жалақыны 1,5 есе көтеруді жүктеді.
- Өмір сапасын жоғарлату. БМСК жұмыскерлерін ынталандыру үшін 01.01.2019ж. бастап учаскелік медициналық жұмыскерлердің жалақысын 20% дейін біртіндеп жоғарлатуды тапсырды.
- Қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру мақсатында, жаңа көлемді «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды.
- Тұрғындардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппарат.
- Тиімді сыртқы саясат.
- Елдегі түрлендіру процессіне әрбір қазақстандықтың үлес қосуы.
Қазақстанның мерзімнен бұрын 30 дамыған елдер қатарына енуіне, жолдаманы талқылауға және ортақ шешімге келуге студенттер, кафедра оқытушылары және емхана дәрігерлері белсене қатысты.