2018 жылдың 18 қазан күні №1 жатақхананың студенттерімен, жалпы медицина мамандығының 116, 122 топтар арасында кураторлардың жетекшілігімен, Б.А.Жоргатаева және К.М. Белеуханованың ұйымдастыруымен Шығыс-Қазақстан облысынның Діни зерттеулер орталығының кызметкерімен кездесу өткізді. Діни орталығының бас маманы, тақырып бойынша дәріс оқып, жастардың сана-сезіміне діни ағзалардың әсері мен бейтараптылығын түсіндіріп, бөтен заттар мен адамдарға абай болуға шақырды, экстремизм мен лаңкестік тұжырымдамасының мәнін толық ашты. Студентер оқу орындарда терроризм мен экстремизмнің алдын алу туралы көп ақпарат алды. Дәрістің соңында тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетілді.
Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы,
куратор Б.А.Жоргатаева