2018 жылдың 19 қазан күні университеттің №2 жатақханасында филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Г.М.Алина, С.А Рахымжанова, Ж.С.Кусаинованың ұйымдастыруымен Шығыс-Қазақстан облысы Діни зерттеулер орталығының кызметкерлерімен кездесу өткізілді.Діни орталығының мамандары М.Е.Омирханов және Ә. Арманқызы жатақхана студенттері және 110,113, 114,120,126,128,129,130,512,514 жалпы медицина мамандығы топтарының арасында «Деструктивті діни ағымдардың жастардың сезіміне әсер етуі» тақырыбына дәріс оқып, жастардың сана-сезіміне діни ағымдардың әсері туралы ақпараттармен бөлісті. Роликтер көрсетіліп, дескрутивті культтар мен жалған ұйымдардың белгілерімен танысты, сонымен қатар жалған ұйымдардың мүшелерін кездестірген жағдайда, сақтық ережелерін білу керектігі түсіндірілді.
Филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушылары
Г.М.Алина,С.А Рахымжанова, Ж.С.Кусаинова