Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина кафедрасында шағын кітапхана ашылды

Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.

 Л. Н. Толстой

Университетіміздің ректоры Жүнісов Ерсин Тұрсынханұлының бастамасы бойынша «Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина» кафедрасында шағын кітапхана ашылды. Университет кітапханасының өте мазмұнды және өте сапалы қорынан шағын кітапхана  құруға мамандық бойынша әдебиеттер іріктеліп алынды.

Шағын кітапхананың мақсаты: кафедра төңірегінде студенттердің, профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлерінің қажеттіліктеріне сәйкес толық және жедел кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметтер ұйымдастыру.

Шағын кітапхана бөлімінің тәртібі, жинау, есепке алу және сақтау қоры, нормативтік-техникалық құжаттама, пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі кафедраларда шағын кітапхана кұру ережесіне сәйкес жүргізіліп отыр.

Университет кітапханасының қызметкерлері шағын кітапхананың жұмысына жауапты тұлғаларға әдістемелік көмек көрсетеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі