Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев : «Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.» деп атап көрсеткен болатын. 18 қазан – «Рухани келісім күні» Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар күндердің бірі болып табылатын толеранттық мереке. Ендеше атаулы күн бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі ретінде аталып өтілуі қажет.
Осыған орай қазан айының 18-ші жұлдызы күні Семей қ ММУ-нің профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасында кафедра ассистенттері және кураторлық топпен бірлесе «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру. Және де ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, кураторлық топттарда тәрбиелеу.