Халқымыздың байқуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.
Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз.
Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы.
2018 жылдың 19 қазан күні «Эпидемиология және жалпы гигиена» кафедрасында «Қоғамдық Денсаулық Сақтау» мамандығының 302,303,401,402 және «Стоматология» мамандығының 104 топ студенттері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Отырыста президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі мәселелері талқыланды.
Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы 3 курс ҚДС
ҚДС факультетінің 303 топ кураторы Дюсембаева А.С.