Қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып отыр, себебі адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады.
Осы орайда «Қоғамдық Денсаулық мектебі» 2018 жылдың 18 қазан күні №22 жалпы орта мектептің 10 және 11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушыларға ерте жыныстық қатынасқа түсудін зияны, оның салдары қандай болатыны түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Проблемамен күресудің ең жақсы жолы – ол проблемадан сақтану.
Отырыстың басты мақсаты: өскелең ұрпақтың адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау болды.
Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы 3 курс ҚДС