Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында Елордамызда Қазақстан халқына жаңа жолдауын жариялады. Жолдау 10 бөлімнен құралған. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай Семей медицина университетінің Госпитальды терапия кафедрасының ассистенттері 6-7 курс интерндерімен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында елбасымыздың жолдауының негізгі аспектілері мен бағыттары таныстырылды. Интерндер зейін қойып тындады. Тәрбие сағаты барысында студенттер қызықтырған сұрақтарына жауап және жаңа мағлұматтар алды.
Госпитальды терапия кафедрасы.