2018 жылдың 23-ші қазанында «Рухани жаңғыру» аясында қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 101,102 топтары куратормен Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. 101 топ студенті Оразаева Баян Президенттің Жолдауы жайында презентация дайындап, топ студенттерінің назарына ұсынды.
Елбасы адамдардың тұрмыс сапасын арттыру жағдайына, денсаулығын жақсарту мәселесіне, халық табысының өсуі жағдайына көп көңіл бөлді.
Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілетіндігі, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екендігін айтты.
Халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті- медициналық қызмет сапасы мәселесін де көтерді. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттілігін айтты. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиістігін айтты.
Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.
Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы 101,102 топтарының кураторы К.Т.Кусаинова.