2018 жылдың 19 қазанында Сыдықова Бибинұр Қабдығалиқызы және Қайратова Гульназ Қайратқызының және «қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының» 301 тобы, «жалпы медицина» факультетінің 316 тобы мен 202 «стоматология» мамандығының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Білім алушыларға президент жолдауы бойынша видео корсетілді. Кураторлық сағат президенттің «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауына арналды. Отырыс барысында студенттерге Елбасының талаптары: жалақының көтерілуі, экономикалық саясат, банктерге көмек көрсету және де басқа мәселелерді шешу жолдары таныстырылды. Білім, әлеуметтік-медициналық, мұғалімдер жайлы өте қызықты тақырыптар қозғалды.
Әр қазақстандық жолдаудың біздің Отанымызға деген маңыздылығын түсінуі керек.