Отбасылық медицина, терапиялық стоматология, бет-жақ және пластикалық хирургия кафедралары бірлесе отырып 2018 жылы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттермен, оқытушылармен және дәрігерлермен кездесу өткізді. Кафедра меңгерушісі және кафедра ұстаздары жолдаудың мән – мағынасын жиынға қатысқан қатысушыларға және студенттерге түсіндіріп, көкейлерінде туындаған барша сұрақтарға жауап берді. Осы жолдаудың тақырыбы: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Барлық студенттер жолдауды аса үлкен қызығушылықпен зер сала тыңдап, қызықтырған сауалдарын қойды және қызу талқылады. Жиын барысында, барлық қатысушылар жаңа мағлұматтар мен қызықты ақпараттар алды. Отырыс барысында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Казымов М.С., кафедра ассистенті м.ғ.к. Адильгожина С.М., доцент Хайдарова Н.Б., PhD Саимова А.Ж., №1 поликлиника бас дәрігері Турдунов М.С. сөз сөйлеп, жолдаудың мақсаты мен міндеттерін, маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Отбасылық медицина кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Адильгожина С.М