Семей мемлекеттік универститеті балалар жұқпалы аурулар кафедрасында кафедра меңгерушіснің Эфендиев И.М. басшылығымен 424 топ студенттері және топ кураторы Смаилов Е.С. қатысуымен «Елбасы жолдауы-ел тірегі» тақырыбы аясында өтілген тәрбие сағатында, елбасының кезекті жолдауы тыңдалып, жолдаудағы кейбір басым бағыттарға кеңірек тоқталынды. Олар: әлеуметтік салада ең төменгі жалақының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 28 мыңнан 42 мың теңге дейін өсуі. Сонымен бірге Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап науқастарды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсыруы. Білім саласы мен педагог мәртебесі, келесі жылы президент үкіметке «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдауын тапсырды. Экономикада әр тараптандыру, инвестиция тарту, цифразизациялауға көшуге баса көңіл аударған. Жолдауда жастар саясаты да тыс қалмаған, елбасы жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, ғылымға, бизнеске тарту арқылы, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атады. Топ студенттері баяндамадан кейін, өз-ойларын білдіріп, елбасының кезекті жолдауын жоғары бағалайтынын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы
Смаилов Е.С.