Семей қаласының ММУ ректоры Е.Т. Жунусовтың жарғысы бойынша ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында кіші кітапхана ашылды. Кітапхана университеттің «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбекелік іс» факультеттерінің студенттеріне үш тілде оқу – әдістемелік құралдармен танысуға мүмкіндік береді. Дайындық үшін жеке аудитория даярланды, студенттер өздігінен немесе қажетті жағдайда кафедра оқытушыларымен кеңесіп, бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Семей қаласының ММУ 22 – 25.10.2018 аралығында өтіп жатқан 2,3,4,5 курс студенттерінің аралық білімін тектсеруге арналған бақылау жұмысына дайындалуға кітапханаға бірінші болып «Жалпы медицина» факультетінің 226 топ студенттері келді.
Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы