ҚР ҰҒА академиясының академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында қызметкерлерді 2018 жылғы 5 қазан күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен «халық табысының өсуі», таныстыру мақсатында отырыс ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі, доцент Оразалина А. С., жолдаудың негізгі бөлімдеріне тоқталды, отырыс барысында спорт және денешынықтыру, университеттің студенттер арасындағы спортты дамыту; ұстаздар мен мектепке дейінгі оқыту орындарының мұғалімдерінің үшін стимул, жұмыс жүктемесін азайту, жоспарланбаған тексерістерді азайту, жалақының көтерілуі, білім сапасы мен қолжетімдігі, денсаулық сақтау, жас қызметкерлер үшін қол жетімді үй жайында талқылау жүргізілді. Жиналыс барысында жолдаудағы Елбасымыз атап кеткен негізгі бөлімдер қарастырылды:
І. халық табысының өсуі
II. тұрмыс сапасын арттыру
III. өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру
IV. азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат
V. тиімді сыртқы саясат
VІ. әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы
Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы