Оқу аптасынын соңында біз 223 топпен бір кеш ұйымдастырып, «Battle» ойын-сауық орталығына барып, боулинг ойынын тамашаладык. Бұл ойын балалардын көңілінен шықты. Біз екі топқа бөлініп, екі жолда ойнадық. Балалар бір-біріне өте жақсы қолдау көрсетіп, егер топ балалары старйк жасап жатса, барлығы оған шапалақтап, қуанып, ал егер шар мерзімнен бұрын жолдан шығып кеткен жығыдайда, сол балаларға өздерінің қолдауларын көрсетті. Бұл ойын-сауық орталығына бірінші рет барып отырғанымызға қарамастан, балалар өте жаксы нәтижелер көрсетті. Ойынның соңында біз барлығымыз пицца жеп, көңіліміз одан әрі көтерілді. Осындай тамаша демалыстан кейін, 223 топ студеннтрі жаңадан күш жинап, келесі оқу аптасына дайындалуда.
Қалыпты физиология кафедрасы.
223 топ ЖМФ.
Куратор: Толеутаев Т.А.