Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Тек біздің елде ғана емес, бүкіләлемде етек жайып, тамырың тереңге тартқан бұл індеттің алдында әлі де дәрменсізбіз.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Осы орайда 17 қазан күні Айман Ермековнаның кураторлық 324 және 325 топ студенттерімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына кері әсері мен оған бағытталған күрес шаралары талқыланды. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында бұл дерттің қаншалықты қауіптілігі туралы көрініс қойылды. Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Мемлекет дамуына қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. «Әлемді өзгерткін келсе, өзіннен баста» деген қанатты сөз бар. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында.
Балалар ауыруларының пропедевтикасы.