Қазан айының 26 жұлдызында, әскери кафедра оқытушыларының басшылығымен «Әскери медик» әскери-патриоттық клубының мүшелері СМУ-нің 65-інші мерейтойына арнап спартакиада өткізді. Бұл шараға 3 және 4 курс студенттері қатысты. Спорттық іс-шара бағдарламасына қыздар мен жігіттер арасында эстафета, футбол, волейбол, армрестлинг және арқантартыстан сайыстар кірді. Жарыстың алдында СМУ-нің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор Жанаспаев Марат Амангазиевич және әскери кафедра оқытушылары студенттерді спартакиаданың басталуымен құттықтады. Олар студенттерге сәттілік тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады.
Спартакиада қорытындысы бойынша:
Арқан тартыс бойынша 4- курс студенттері жеңіске жетті
Армрестлинг бойынша 3-курс студенттері жеңіске жетті
Эстафета бойынша 4-курс студенттері жеңіске жетті.
Воллейбол бойынша 3 курс қыздар және 4 курс ұлдар командалары жеңіске жетті
Футбол нәтижесі бойынша 4 курс студенттері жеңіске жетті.
Қорытындысы бойынша 4 курс студенттері жеңіске жетті.Марапаттау рәсімән кафедра оқытушылары жүргізді.