“ Бір тал кессең, он тал ек ” қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу−маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат− анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Егілген ағаштың, әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасадыжәне шу деңгейі төмендейді.
Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін, қазан айының 28 күні, Семей қаласында өткізілген−қаламызды көгалдандыру мақсатында “ Семей медицина университетінің ” жалпы медицина факультетінің 335 топ студенттері өз үлестерін қосты. Топ жетекшісі: Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының ассистенті Сапоров Р.М қадағалауымен, қала сыртына мыңнан аса ағаштар отырғызылды. Бұл игі шараға еліміздің «Рухани Жаңғыру» мақсатында, көптеген ұйымдардың ұжымдары, басқа да топ студенттері қатысты.
Табиғат көркі−ағаш,демекші осындай игі шараларға ел болып, көтеріңкі көңіл күймен атсалысайық.