2018 жылдың 29-шы қазан күні неврология және нейрофизиология кафедрасының асситентері Енсибаева Шолпан Дүйсенханқызының және Брыжахин Дмитрий Павловичтың ұйымдастырылуымен қаламыздың Орталық саябағында және Семей қаласының ММУ Университет Госпитальінде жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері,оның ішінде 502,510,516,531,534 топтарының қатысуымен Бүкіл Дүниежүзілік инсультке қарсы күнге орай қала деңгейінде акция жүргізді.
Шараның мақсаты- Семей қаласының тұрғындарының инсульттің алғашқы белгілерін білу мен оның қауіп факторлары мен профилактикасы жайлы ақпараттануын арттыру.
Акцияны жүргізу барысында қала тұрғындарына FAST тесті белгіленген көрнекі материалдар таратылды, науқастар мен тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берілді. Whats Аpp қосымшасы арқылы инсульттің алғашқы белгілері жайында қысқа видеолар жіберілді. Шара соңында қала тұрғындары мен науқастар болашақ дәрігерлерге өздерінің алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараларды көптеп өткізуді өтінді.