Қарттар үйінде SCORP KazMSA жергілікті комитетінің басқаруымен «Мәңгілік құндылықтар» атты ісшара өткізілді.
Өкінішеке орай, адамзаттың ең дамыған сатысында,21 ғасырда , қарттар үйі, жетімдер үйі сияқты мекемелер әлі де баршылық.
2018-ші жылдың 26 қазанында KazMSA SMU активисттері , SCORP тұрақты комитетінің атынан , жасы үлкен адамдарға көңіл бөліп , құрмет көрсету мақсатымен , қарттар үйіне барып шықты.
Аталмыш іс- шараның негізгі мақсаты кәрі адамдарға өзінің денсаулықтарына күтім жасау шараларын түсіндіру және үйрету.
SCORP командасы бірнеше шығармашылық нөмерлер дайындады қатысушылар лезгин биін тамашалап, ән -күй дыбысын тыңдап көңілдерін көтерді. Қалған уақытта студенттер жасы келген адамдарға өзінің қан қысымын өлшеу әдісін үйретті, салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жаттығулар жасалынды.
SCORP командасы, бұл іс- шара бостан бос өтпей , өзінің өң әсерін береді деген ойда. Барлық қатысушыларға мол алғыс .