2018 жылдың 6 қарашасында 255 және 256 ЖМФ тобы анатомия кафедрасында Дивали үнді фестивалін мерекелеуді ұйымдастырды. Дивали «От фестивалі» ретінде атап өтіледі, ол адалдықтың зұлымдықты жеңіуін білдіреді осы жеңістің белгісі ретінде барлық жерде шамдар мен шырақтар жағылады. Шетелдік студенттер кафедра ұжымын және жергілікті студенттерді мерекенің тарихымен, Дивалидің салт – дәстүрімен таныстырды, салтанатты сыйыну оқыды, сондай-ақ шағын концерттік бағдарлама дайындады. Көрермендер іс-шараға шынайы қызығушылық танытты.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу