31.10.2018. күні университетіміздің 65жылдық мерей-тойына орай «Жалпы медицина» мамандығының 302 топтың студенттері, Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының оқытушысы және топтың кураторы Апбасова Саулеш Ахатовнамен бірге басты ғимаратта студенттерге арналған викторина өткізді. Бұл викторинаның негізгі мақсаты, студенттердің арасында университетіміз жайлы білімдерін, пікірлерін және тілектерін есту болды. Викторинаға қазақ, орыс және шет тілдері бөлімдерінің студенттері қатысып, барлығы бір-бірін түсініп, үш тілде де өз ойларын толық жеткізіп, әр студенттің ерекше жауабы және де жылы лебіздері, университет қабырғасында өткен естен кетпес, қызықты алғашқы студенттік кездерімен бөлісті. Викторинаға барынша дұрыс жауап берген студенттер де жай қалмады, тәтті сыйлықтарды табыстады.
Аталған іс-шара барлығының көңілінен шығып, қатысушылардың арасында университетіміздің тарихын, өткен жалынды белестерін және де соңғы жаңалықтарымен қызу талқылау арқасында бұрын-соңды білмеген білімдерін жаңғыртты.Осы орайда, мұндай іс-шара өткізуге мүмкіндік берген университетіміздің ең құнды баспасөз қоры, әкімшілік құрылымы- кітапханаға алғысымызды білдіреміз.Сонымен қатар, университетіміздің 65-жылдық мерейтойымен барша СМУ ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Тамырын тереңге тартқан, өзіндік дәстүрі бар университетіміз бүгінде медицина білім ұяларының қара шаңырағы болып саналады. Уақыттың ұлы көшінде университет талай-талай асулардан асып, небір биік белестерді бағындырып, өзінің бүгінгі мерейтойына толағай табыстармен келіп отыр.
Білім ұясының ұжымына, ұлағатты ұстаздарымызға еңбекте табыс, студенттерінің үлкен жетістіктері көп болып, өмірде бақыт пен құт-береке тілейміз!
«Жалпы медицина» мамандығы, 302-топ