23.10.18 күні Семей қаласының қан тапсыру орталығында «Жалпы медицина» мамандығының 302-тобы әртүрлі ауыр жағдайдағы қанға мұқтаж науқастарға қайырымдылық шара ретінде әр студент донор болып, қан тапсырды. Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Өтеусіз донорлықты дамыту – адам бойындағы қайғыға ортақтасу, тілеулестік, қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға қажет. 18 жастан асқан, дені сау, медициналық сараптамалардан өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, ерікті, тілек білдірген кез келген студент донор бола алады. Донор тапсыруда өзіндік ережелерді орындау қажет. Егер бір рет қан тапсырсаңыз бір, я, екі адамның өміріне араша боласыз. Ал тұрақты донорға айналсаңыз, жүздеген жанның өмірін сақтап қалуға себепші боласыз.
Өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытатын жандар жыл сайын көбейе берсін!
«Жалпы медицина» мамандығы, 302-топ