2018 жылғы 5 қараша күнінде университет кәсіподақ ұйымының төрағасы, запастағы м/қ подполковнигі Смаилов Н.С. және әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, м/қ полковнигі Орынбасаров Ш.О. топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұжымымен кездесті. Биылғы оқу жылында қайта жаңғырған топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ашылуына өз қуаныштарын білдіре отырып, осы кафедраның тек қана медицина бағытында емес, сонымен қатар, болашақ медицина қызметіндегі офицерлерге де маңыздылығы зор екенін атап өтті. Себебі, әскери іс-қимыл кезінде болашақ мамандар бакалавриат деңгейінде негізгі шұғыл оперативтік тәсілдерді меңгеріп, алдыңғы шептерде көмек көрсетуі тиіс. Осы бағытта кафедраны қайта жандандырып жатқан университет басшылығына алғыстарын білдіріп, кафедра ұжымына жемісті жұмыс атқаруына тілек білдірді. Сөз соңында өздерінің осы кафедраға өз үлестерін қосу мақсатында демеушілік көмек ретінде, хиругиялық аспаптар жиынтығы мен аппараттарды сыйға тартты. Осы көрсеткен көмектері үшін кафедра ұжымының алғысы шексіз.
Топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасы меңгерушісінің қ.а. Букатов А.К.