«Салауат» дебат клубы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау мақсатында көрсетілім ойын, яғни «дебат шоу» ұйымдастырды. Шара барысында жолдау жан-жақты талданып, басым бағыттарды жүзеге асыруда жастарға үлкен үміттің артылатыны айтылды.
«Дебат шоуды» тамашалауға келген көрермен жолдауға және ойынға қатысты ойларын ашық айтып, осындай көрсетілім ойындардың жиі өткізілгенін қалайтындарын жеткізді. Пікір-сайыс «Линкольн-Дуглас» форматында өтті. «Бұл палата мемлекеттің студенттерге шәкірт ақыны білім жетістіктеріне қарай емес, қаржылық қажеттіліктеріне қарай бөлуді қолдайды» тақырыбында университет студенттері Елдар Қыдырмолдин мен Нұрбақыт Исахан пікірталасқа түсті. Спикерлерге ұтымды ойларын ортаға салып, көрерменге тартысты ойын көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.