“Level Up” клубы “At the university” атты іс-шара өткізді

      2018 жылғы 3 қараша күні Семей медицина университетінде филологиялық пәндер кафедрасында “Level Up” ұйымы “At the university” атты іс-шара өткізді. Іс-шара “Level Up” клубының жетекшісі Жайрбаева Ж.К. және клуб лидері Жумагажиева Н.М. ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – клубымызға ағылшын тілін үйренуге келіп жүрген 1, 2 курс студенттеріне ағылшын тілін қызықты және ерекше әдіс-тәсілдермен үйрету, студенттердің ағылшын тілі пәніне құлшыныстарын және қызығушылығын арттыру. “At the university” атты іс-шараның барысында студенттердің арасында біздің университетіміз жайлы ағылшын тілінде дискуссия өткізілді.

Дискуссия барысында студенттер біздің клубымызда алған бар білімдерін көрсетуге тырысты және дискуссия тақырыбына сай мәселелерді қозғаумен айналысты. Ағылшын тілінде сөйлеу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, студенттерге өз оқытушылары, яғни, 244-ші ағылшын тілінде біліп алатын топ студенттері оқушыларына түзетулер енгізу және сол арқылы білімдерін бекіту арқылы көмек және қолдау көрсетті. Іс-шараның аяғында ұйымдастырылған кері байланыстың барысында студенттердің осы сынды іс-шаралардың арқасында ағылшын тілін үйренген қызықты және тиімді тәсіл екенін айтқан еді. Алдағы уақытта осы сынды тәсілдермен ағылшын тілін үйренуге құлшыныстарыңыз пайда болса, Сіздерді біздің клубымызда күтеміз.

 

Клуб жетекшісі: Жайрбаева Ж. К.

Клуб лидері: Жумагажиева Н. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі