28.10.2018 жылы Семей қаласы бойынша Қалалық мəдениет сарайында "Мисс Семей – 2018" сұлулық байқауы өтті.Бұл байқауға Семей мемлекеттік медицина университеті дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина" мамандығының 232 топ студенті "Университет Аруы -2018", Итемірова Мадина Тарбағатайқызы қатысты.Ару қызымыз Мадинаны қолдауға 232 топ студентері жəне қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовна барған болатын. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында қатысушы қыздар өздерін əр түрлі қырларынан көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар шара барысында Семей қаласының биші топтары жəне "Гуль-Сымбат" мода театрынын қатысушылары өз өнерін көрсетті. Кеш соңында қатысушы қыздарға жүлделі орындар табысталды. Біздің университетіміздің абыройын қорғаған Мадина сертификатпен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жалпы медицина» мамандығы, 232-топ