Кино әлеміне саяхат

2018 жылдың  4-ші қарашасында «Фармация» мамандығы бойынша оқитын 2-ші курс студенттері «химия» пәнінің оқытушысы Ж.Г. Елемесовамен бірге «Қазына» сауда орталығының кинотеатрына барып қайтты. Кино әлеміне саяхат жасаудағы мақсаты студенттердің сабақтан тыс уақытында көркемдік, шығармашылық және қоғамдық жұмыс бойынша  ой өрісін дамыту. Олар режиссёр Ақан Сатаевтың «Бизнесмены» атты фильмын тамашалады. Фильмнің сюжеті достыққа махаббатқа және сатқындыққа құрылған. Фильмде үш достың боз балалық шақтары 90-шы жылдары өтіп, нарық заманының талабына сай бизнеспен айналыса бастайды. Олардың бірі өмір жолында теріс жолға түсіп, қарызға батып, достарынан көмек сұрағанда біреуі «адал достығын» көрсетіп, қол ұшын берсе, ал екіншісі «амал достығын» байқатып, теріс айналады. Ал енді бір дос қызметін жоғары бағалап, жанұясына көңіл бөлмей, әйелі мен қызын үйден кетіп қалуға мәжбүрлейді. Фильм жастарды достыққа, шынайы махаббатқа адал болуға шақырады. Оқу үрдісінде, жұмыс барысында қажырлы, шынайы, адал және жемісті еңбек етуге тәрбиелейді.  

Жарияланды: