«Наркотикқа жол жоқ!»

2018 жылдың 7-ші қарашасында Медицинадағы IT технологиялар кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 101, 102, 103 стоматология, 101 МІ, 101, 102 фармация, 101, 102 ҚДС мамандықтары студенттері арасында «Наркотикқа жол жоқ!»

тақырыбында наркология курсының ассистенті Е.К.Шаймардановпен кездесу өтті.  Кездесуде  жалпы медицина мамандығы 531 тобының студенті Г.С.Аниярова осы тақырыпта жасаған презентациясымен таныстырып, бейнефильм ұсынды.  

Кездесуде денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттер туралы ақпарат қызу талқыланып, олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік берілді.

«Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда. Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді» – деді нарколог Е.К.Шаймарданов. Студенттер кездесуде көптеген сұрақтар қойып, нақты жауап алды. Кездесу тартымды әрі қызықты өтті.

“Қазақстанның болашағы жастар” деп елбасымыз жастарға сенім арттырып отыр. Бірақ біздер  жастар мұндай жаман әдеттерге үйір болсақ, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ!

 

 

Кафедра оқытушылары: Мусатаева И.С., Кусаинова К.Т., Букатаева А.Б., Ғалымова Ә.Д.,Тоқабаева Г.Қ. 

 

 

Жарияланды: