Взвод командирлерімен қорытынды жиналыс

Семей Медицина университеті әскери кафедрасында 2018 оқу жылы қазан айы бойынша взвод командирлерімен қорытынды жиналыс өткізілді. Жиналыста  «Үздік взвод» , «Үздік командир» , «Үздік бөлімше командирі» және «Үздік курсанттар»  номинацияларына лайық деп есептелінетін курсанттарды взвод командирлері ұсынды.

Жиналыс қорытындысында Қараша айында өздерінің үздік екенін дәлелдеген 5-взвод деп шешілді, бұндай шешім оқу үлгерімдерінің орта баллдары және взводтың аса белсенділігі мен ұйымшылдылығының арқасында курс старшинасы Бидахмеов Р.Е тарапынан қабылданды. Сондай-ақ «Үздік взвод командирі»  2-взвод командирі Асқарбеков Қуаныш, «Үздік бөлімше командирі» 8- взвод бөлімше командирі Халимулина Зарина, «Үздік курсанттар» 4-взвод курсанттары Ерланов Азамат және Ширинова Мафтунаға бұйырды. Жиналыс соңында курсанттарды мазалайтын басқа да мәселелер қарастырылып, командирлер тарапынан ұсыныстар айтылды.  Сонымен қатар полковник Мамыканов Р.Т. осындай қорытынды жиналыс ай сайын болатыындығын ескертіп, бұндай оқу методикасы курсанттар арасындағы ынтымақ пен білім сапасын көтеретініне сенетіндігін айтты. Жиналыс соңында командирлер дәстүр бойынша естелік суретке түсті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі