«Студент – Донор» студенттік ұйымының бірініші отырысы

29 қазан күні ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының басшылығымен «Студент – Донор» ұйымының волонтерлардың алғашқы отырысы болды. «Студент – Донор» – Семей қаласының медициналық уневерситетінің тәрбие  жұмысы және қоғамдық өміріне белсене қатысатың қоғамдық ұйым.

Ұйым  ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының негізінде құрылып отыр. Ұйымның ұйымдастырушылары  ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі доцент Оразалина А.С. және кафедра оқытушылары.

Ұымның ғылыми кеңесшісі профессор Мыңжанов М.Р.

«Студент – Донор» ұйымының төрағасы «Жалпы медицина» факультетінің 230 топ студенті Бижуманова А., ұымның кураторлары «Жалпы медицина», «Стомотология» факультеттерінің 1,2 курс студенттері Аскаров А., Канагатов А., Мусабеков М., Сейткали А., Сыдыкова А., Кайноллаева С.

Ұйым мүшелері жұма сайын қан тапсыруды ұйымдастырады, ғылыми – зерттеу жұмыстарын  жүргізіп, материал жинақтайды, алынған результаттарды сараптап, ғылыми жұмысты  орындауда жұмыс істейді.  Сонымен бірге қан топтарының, резус – фактордың тұқым қуалауы жайында семинарлар мен  тұқым қуалау ауруларының алдын алу мақсатында  шаралар ұйымдастырылуда.  Қан тапсыру КГКП «Семей қаласының қан құю орталығында» өткізіледі.

Проекттің мақсаты

  • Семей қаласының ММУ студент – донорлардың сирек кездесетің қан топтары мен резус – факторлары бар студенттердің электрондық базасын құру;
  • Семей қаласының ММУ студент – донорлардың тапсырылған қандарының сараптамаларының негізінде ғылыми проектті іске асыру;
  • Семей қаласының ММУ студенттері арасында профилактикалық жұмыстарын өткізу;
  • Студенттерді волонтерлік жұмысқа баулу;

Цели проекта 

 Міндеттері:

  •  Практикалық денсаулықсақтаумен байланыс;
  • Қан топтары мен резус – факторды анықтауда практикалық дағдыларды дамыту;
  • Күрт жағдайларда КГКП «Семей қаласының қан құю орталығының» жұмысына қолдау көрсетіп, Семей қаласының ММУ студент – донорлардың сирек кездесетің қан топтары мен резус – факторлары бар студенттердің электрондық базасын пайдалану;
  • Алынған ақпарат негізінде оқып жүрген студенттерінің арасында резус – конфликтті алдын алу жұмыстарын өткізу;
  • Студенттік қоғамда достық, қол ұшын беру, қарым  – қатынасты орнату;
  • Қала, регион, облыс халқына көмек көрсету;
  • Басқа студенттік ұйымдарымен байланысты нығайту;

 

Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

Жарияланды: