Семей медицина университетінің студенттері  жаһандық конференцияға қатысты

Семей медицина университетінің студенттері жаһандық конференцияға қатысты

2018 жылғы 25-26 қазан күндері елордамыз Астана қаласында медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша жаһандық конференция өтті. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырған бұл шара 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясының 40 жылдығына арналды.  Дәл осы конференцияда Алма-Ата декларациясын алмастыратын Астана декларациясы қабылданды. АМСК-ның бастапқы принциптерін растауды және алғашқы медициналық-санитарлық көмек әмбебап денсаулық сақтауды қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізі болуға бағытталған декларацияны қабылдау отырысына Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымына мүше 120 мемлекеттің өкілдері, денсаулық сақтау министрлері, әлемге танымал сарапшылар мен меценаттар шақырылды. Осындай маңызды шарадан Семей медицина университеті де тыс қалмады. Аталмыш конференцияға университетіміздің 10 студенті ерікті ретінде қатысты. Атап айтқанда, Жаныбеков Ерасыл, Қабдешов Ибраһим, Кондратьева Роза, Болатова Шариат, Еспенбетов Арман, Муратбеков Думан, Мадиярова Айнур, Кеңесбаева Айжан, Аулеисова Салтанат, Амангельдиев Назар. Еріктілердің жетекшісі ретінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы Кульгимбаева Арайлым Шаймуратовна қатысты. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті насихаттайтын декларацияның жаңа нұсқасын қабылдау шарасына қатысу ерікті студенттер үшін үлкен мүмкіндік болды.

 

Жаныбеков Ерасыл Талгатович, студенттік декан, «Жалпы медицина» мамндығы  шетел бөлімінің 341-топ студенті

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі