2018 жылғы 1-2 қараша аралығында Семей медицина университетінің 65 жылдығына арналған «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы жаңғыртудағы заманауи инновациялық әдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара бірнеше кезеңдерге және бөлімдерге бөлінді. Қорытынды ретінде мерекелік концерт өткізілді. Бұл маңызды, жауапкершілігі мол жұмысты ЖІК төрағасы Кульгимбаева Арайлым Шаймұратқызының басқаруымен «Басқару мектебі» ұйымы абыроймен атқара білді. Аталмыш ұйымның координатор орынбасары Олжас Ділдебаев концерт жүргізушісі болса, координатор Алмас Ерлан концерттік бағдарламаға тікелей жауапты болды. Тапсырманы орындаудағы жауапкершілік пен шығармашылық көзқарастың арқасында, барлығы ойдағыдан жоғары деңгейде өтіп, концерттік бағдарлама көрермен көңілінен шықты. «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, жарты айға созылған дайындығымыздың жемісін бір-ақ сағатта паш еттік. Бастысы, көрермендер де, өнерпаздар да дән риза.
«Басқару мектебі» баспасөз хатшысы Адай Жеңісбеков