2018 жылғы 9 қарашада ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы базасында «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» тақырыбында «Жалпы медицина» мамандығының 314, 319 топтарда дөнгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелді кафедра ассистенті Л.К. Жазықбаеваның жетекшілігімен 314 топ студенттері ұйымдастырды. Тәрбиелік жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Дөңгелек үстел барысында ҚР заңдылығы бойынша белгіленген бұзушылықтар, діни рәсімдерді, мерекелерді және жиналыстарды өткізу, қайырымдылық қызметін атқару, кіргізу сұрақтары, жасау, шығару, діни әдебиетті басу және тарату сұрақтары талқыланды. Студенттер аталған мәселелерді талқылауға белсене ат салысты.
Категориясы: Оқу процесі
Осы жазбамен бөлісу