65 жылдық мерей-тойына орай кураторлық сағат

         2018 жылдың 6 қараша күні Семей медицина университетінің  дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері,  кураторы қалыпты физиология кафедрасының  доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның қатысуымен, университетіміздің 65 жылдық мерей-тойына орай кураторлық сағат өткізді.

          Кураторлық сағат барысында 232 топ студенті Ермуханбетова Фатима университет тарихы мен 65 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы баяндама оқыды. Баяндама мақсаты топ студенттерінің университетіміздің тарихы, жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері туралы білімдерін толықтыру, университетімізде болып жатқан соңғы жаңалықтармен бөлісу болатын.

          Кураторлық сағат топ студенттерінің  университет қабырғасында өткен қызықты алғашқы студенттік кездері туралы айтуымен және университетмізге ақ тілектерін білдірумен аяқталды.

          Сонымен қатар, Семей медицина университетінің  дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 топ студенттері және кураторы қалыпты физиология кафедрасының  доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовна университетімізді 65 жылдық мерей-тойымен шын жүректен құттықтайды!  Білім ордасы ұжымына және студенттеріне толағай табыстар тілей отырып, университетіміздің жетер жетістіктері әлі алда екеніне сенім білдіреді.

 

 

«Жалпы медицина» мамандығы, 232 топ

Жарияланды: