29 қазан 2018 жылы терапиялық стоматология кафедрасында доцент Хайдарова Н.Б.ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру».бағдарламасына бағытталған стоматологиялық факультеттің 4 курс студенттері арасында «клиникалық эндодонтия» дисциплинасы бойынша олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің берілген пәнге қызығушылығын дамыту және қолдау . Олимпиадаға стоматологиялық факультеттің орыс және қазақ бөлімінің 403, 404, 405, 406 топтарынан 30 студент қатысты. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды:1 кезең -тестілеу, 2 кезең – «Өзінің ойыны »; 3 кезең – Топпен ситуациялық есептерді шешу, 4 кезең – Ликбез (соңғы кезең) . Топтардың жауабын құрамында кафедра мұғалімдері , деканат өкілдері, студенттер бар әділқазылар алқасы бағалады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын- Ислямгазинова Асия 406 топ студенті, екінші орын – Умутканова Даурия 406 топ студенті,үшінші орын– Хохлов Камолуддин 405 топ студенті. Олимпиаданың жеңімпаздарына дипломдар және сыйлықтар берілді, қатысушыларға сертификаттар берілді.
Осы текті іс-шараларды ұйымдастыру, оқылған пән бойынша қызығушылық білдірткен студенттердің өз білімін жарыс түрінде тексеруге мүмкіндік береді. Студенттердің басшылық қасиетін анықтау және топта ұйымшылдық қасиетін көрсету. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша жастар арасында бәсекелестік қабілетін қолдау.