2018 жылдың 4-ші қарашасында «Фармация» мамандығы бойынша оқитын 202 топ студенттері «химия» пәнінің оқытушысы Ж.Г. Елемесовамен бірге «Қазына» сауда орталығының кинотеатрына барып қайтты. Кино әлеміне саяхат жасаудағы мақсаты студенттердің сабақтан тыс уақытында көркемдік, шығармашылық және қоғамдық жұмыс бойынша ой өрісін дамыту. Олар режиссёр Ақан Сатаевтың «Бизнесмены» атты фильмін тамашалады. Фильмнің сюжеті достыққа, махаббатқа және сатқындық негізінде құрылған. Фильмде үш достың бозбалалық шақтары 90-шы жылдары өтіп, нарық заманының талабына сай бизнеспен айналыса бастайды. Олардың бірі өмір жолында теріс жолға түсіп, қарызға батып, достарынан көмек сұрағанда біреуі «адал достығын» көрсетіп, қол ұшын берсе, ал екіншісі «амал достығын» байқатып, теріс айналады. Ал енді бір дос қызметін жоғары бағалап, жанұясына көңіл бөлмей, әйелімен қызын үйден кетіп қалуға мәжбүрлейді. Фильм жастарды достыққа, шынайы махаббатқа адал болуға шақырады. Оқу үрдісінде, жұмыс барысында қажырлы, шынайы, адал және жемісті еңбек етуге тәрбиелейді.
Категориясы: Оқу процесі
Осы жазбамен бөлісу