«Алғашқы медициналық көмек» кезеңі.

«Алғашқы медициналық көмек» кезеңі.

KazMSA ММУ Семей қ. Локальды комитеті медициналық білім беру бойынша SCOME (Standing  Committeon Medical Education)  тұрақты комитетінің басшылығының ұйымдастыруымен «MedUSE»  Бірінші Республикалық Олимпиадасының алтыншы шешуші  «Алғашқы медициналық көмек» кезеңі Семей Мемлекеттік университетінің Клиникалық Білім орталығының қабырғасында болып өтті.

 Қазақстанның алдыңғы қатарлы медициналық ЖОО-ның: АМУ, ОҚМА, ҚММУ «Жалпы Медицина» және «Фармация» факультеттерінің 2-3-4 курс студенттері олимпиадада өз бақтарын сынады. Әр ЖОО интеллектуалды сайысқа таңдаулы командаларын ұсынды.

Бұл кезең алғашқы медициналық көмек бойынша 5 негізгі бөлімнен тұрды:

1. Жедел коронарлы синдром (ЖКС)

2. Аяқ-қол ұштарын иммобилизациялау

3. Анафилактикалық шок

4. Жүрек-өкпелік реанимация (ЖӨК)

5. Қан кету

Әр топ бір уақытта 12 минуттан туратын 5 бөлімнің біреуінен өтті. Бұл уақыт аралығында қатысушылар клиникалық жағдайды талқылап, теориялық сұраққа жауап бере отырып,

 алғашқы көмектің реттік алгоритімнін көрсетті. Әр бөлімнің соңында жол көрсетуші гидтардың көмегімен 2 минут ішінде кабинеттерін ауыстырды.  Кезеңдердің әділ түрде өтетініне көз жеткізу үшін қатысушылардың ұялы телефондары жиналып алынды.

«Алғашқы медициналық көмек» кезеңі 100 баллдық шкаланы қамтыды. Әр бөлімге 20 балл берілді; оның 5 теориялық білімге, қалған 15 балл практикада қолдана алу дағдысына берілді.

5 бөлімнің қорытындысы бойынша командалар келесі ұпай сандарын жинады:

ҚММУ-75,65

ОҚМА-69,4

АМУ 1-69,25

АМУ 2- 47,75

Пайдалануға берілген локациялар үшін БКО МУС басшылығы – м.ғ.к. доцент Муканова Д.А., қажетті құралдар мен менекедермен қамтамассыз еткені үшін БКО маманы – Амешова Г.Т. алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар Олимпиада ұйымдастырушылары БКО Профессорлық-оқытушылық құрамына: Мержакупов Т.Д., Кунусова А.К., Мусабекова Н.Е., Смагулова Ж.И., Ковылина Р.А. және Ішкі Аурулар Пропидевтикасы кафедрасының ассистенті м.ғ.к Жазықпаева Л.К. клиникалық жағдайларды құрастыруда көмек қолын созғаны үшін және  «Алғашқы медициналық көмек» кезеңіне әділ-қазы алқасының мүшесі қатарында болып, көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

 

 Орындаған:Медициналық білім бойынша SCOME тұрақты комитетінің активисті,

«Жалпы Медицина» мамандығының 1 курс студенті

Қалиева Шырын

 

 

 

 

  

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі