2018 жылғы 14 қараша күні Семей медицина университетінде KazMSA SMU Жергілікті комитетінің басшылығымен SCOME (Standing Committee on Medical Education) Тұрақты комитеті «My Medical English» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараға «Жалпы медицина», «Стомотология» факультеттерінің 1, 2 және 3 курс студенттері белсене қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің ағылшын тіліндегі біліктіліктерін арттыру және тәжіртбе жүзінде қолдануды үйрету болды. Шеберлік сыныбы барысында дәрігер мен пациент арасындағы күнделікті сөз тіркестері қарастырылып, ЭКГ, бармақтан қан алу сияқты рәсімдердің өтілу тәртібі ағылшын тілінде түсіндірілді. Кейін студенттер алынған білімдерін қызықты ойындарға қатысу арқылы шыңдады. Осындай іс-шараларды өткізу арқылы біз студенттеріміздің үштілділікке деген қызығушылығын арттырамыз.
Қазіргі таңда әлем қарқынды даму үстінде. Бұл тек технологияларға қатысты айтылған сөз емес. Уақыт қарқынынан қалыспай адамдар да өз біліктілігін күннен-күнге шыңдай білуі тиіс. Көптілділіктің бұл ретте маңызды рөлдердің бірін атқарады. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт. Мемлекет президенті осымен көптеген жылдар бойы елімізде үштілділікті дамытуда. Жыл сайынғы жолдауында елбасы үштілділіктің маңыздылығы, қажеттілігі жайлы өзекті дәлелдер келтіреді.
Мамбетов Нурмухаммед,131 ОМФ
KazMSA Scome