2018 жылдың 17-18 қараша күндері аралығында Семей қаласында өткізілген дәстүрлі «Бастау-2018» республикалық зияткер жас пікірсайысшылар турнирі Семей медицина университеті студенттері үшін абыройлы аяқталды. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 1-ші курс дебатерлерінен құралған 64 фракция қатысты.
64 топ ішінен Семей медицина университеті «Салауат» дебат клубының дебатерлері «Адонис» фракциясы (Сәлима Жұмаханова, Акнұр Булегенова) жүлделі 2 орын иеленді. Сонымен қатар, өзінің ұтқыр ойларымен лайықты ойын көрсетіп, «Виктори» (Назигүл Жумагажиева, Талшын Жанатова) фракциясы 4 орын алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер біздің мақтанышымызсыздар!