Жаңа туған нәрестелердің күтімі жөніндегі Еуропалық қор мен америкалық қайырымдылық ұйымының бастамасымен 17 қараша – шала туған балалардың халықаралық күні деп аталады. Бұл мереке 2009 жылы алғаш рет халықаралық деңгейде тойланды. Аталмыш бастама шала туған балалары бар отбасыларында кездесетін қиындықтар мен проблемаларды шешу, оларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету керектігіне көпшілік назарын аударуға ықпал етті. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) критерийлерін енгізді. Яғни, 22 аптадан басталатын жүктіліктің (с 500,0г) тірі және өлі тууын тіркеуге алына бастады. Шала туылған балалардың проблемасы тек медициналық қана емес, сонымен бірге оларға әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастыру қажет етеді. Мерзімінен бұрын туған нәрестелердің барлығы да аса ұқыпты күтімді, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы емдеуді, ұзақ бақылауды қажет етеді. Халық арасында терең шала туған балалардың ары қарайғы тағдыры мен мүгедектікке байланысты сұрақтар көп туындайды. Әлемнің ірі клиникаларының тәжірибесі, мұндай балалардың 80 пайызы қоғамның толыққанды мүшесіне айнала аладтынын көрсетеді. Мерзімінен бұрын туған балалардың ішінен қаншама ұлы адамдар шыққанын екінің бірі біле бермейді. Мысалға: Уинстон Черчилль, Исаак Ньютон, Альберт Энштейн, Вольфганг Амадей Моцарт, Фридрих Шиллер, Иоганн Гете сияқты атақты адамдар кезінде шала туылған нәрестелер болған.
Шала туылған нәрестелердің күтімі мен емінің нәтижесі оң болуы медицина қызметкерлерінің мол тәжірибесіне, сондай-ақ болашақ ана мен оның отбасының біліміне де байланысты, барлығының қолдауымен оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Шала туған нәрестелер өсіп-жетілуіне, еріктілерден құрылған «28 ілмек» клубы әзірлейтін тоқыма бұйымдардың пайдасы орасан зор екендігін айтпай кетуге болмайды. Мерзімінен бұрын дүниеге келген баланың организмі толық жетілмегендіктен қан айналымы әлсіз, тез тоңазиды, терең ұйқыға кетіп дем алуы тоқтап қалуы мүмкін. Тоңғақ бөпені жылытып, әрі тоқыманың түгі денесін тітіркендіретіндіктен, сәбидің терең ұйқыда дем алуын ұмытпауға, қозғалыста болуына ықпал етеді. Аталған клуб 500 граммдық сәбиден бастап 2000 граммға дейінгі нәрестелерге арналып тоқылған бас киім, жейде, шынашақтай шұлықтар дайындап, Перинаталды орталыққа жеткізіп отырады. Қазіргі таңда Перинаталды орталық «28 ілмек» клубымен тығыз байланыста.
2018 жылдың 16 қараша күні Семей қаласының Перинаталды орталығында Семей медицина университетінің Перинатология кафедрасының ассистенті Алибекова Бақытжан Алибекқызы Перинаталды орталық неонатологтарымен бірлесіп, 604 және 613 топ интерндарының қатысуымен «Халықаралық Шала туған балалар күні» қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырды. Мереке басында 604, 613 топ интерн-педиатрлар «Шала туған нәрестелер күтімі» бөлімінде жатқан шала туған нәрестелерді құттықтап, шарлар сыйлады. Бұл шараға Семей қаласында мерзімінен бұрын дүниеге келіп, үйіне шыққан балалар шақырылды. Балаларға және олардың ата-аналарына концерттік бағдарлама қойылып, мультфильм кейіпкерлері мен аниматорлар ойын ұйымдастырды. Мереке соңында балаларға мерекелік дастархан жайылып, олардың ата-аналары өз пікірлерімен бөлісіп, медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
Алибекова Бакытжан Алибековна- перинатология кафедрасының ассистенті, Семей қ.ММУ.