«Алаш арыстары және Мұхтар Әуезов» музейіне саяхат

     2018 жылдың 15 қараша күні Семей медицина университетінің  дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері,  кураторы қалыпты физиология кафедрасының  доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның бастауымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында,тарихқа шолу жасау мақсатында «Алаш арыстары және Мұхтар Әуезов» музейіне барып қайтты.

     Музейге саяхат жасаудағы негізгі мақсат студенттердің халқымыздың тарихы, соның ішінде еліне еңбегің сіңірген Алаш қайраткерлері  туралы білімдерін толықтыру, олардың жүріп өткен жолдарына көз жіберіп, жеткен жетістіктерімен танысу. Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

     Музейге жасаған саяхат барысында студенттер Семей қаласының XVIII-XIX ғасырлардағы тарихымен, Абай Құнанбаев және Алаш қайраткерлері тұрақтаған үймен танысып,  Мұхтар Әуезов және Алаш арыстары өмірі туралы қосымша деректер алды.

    Студенттер «Алаш арыстары және Мұхтар Әуезов» музейіне жасаған сапарынан жақсы әсер алып, рухани мәдениетің толықтырды.

 

 

 «Жалпы медицина» мамандығы, 232 топ студенті Ермуханбетова Фатима

Жарияланды: