Шамдар мерекесі

Шамдар мерекесі

       Сейсенбі, 2018 жылдың 6 қарашасында  университеттің шетел бөлімінің студенттері үлкен және маңызды Дипавали мерекесін дәстүрлі түрде атап өтті. Мерекенің санскриттегі атауы «от шоғыры» дегенді білдіреді – бұл Үндістанда жарықтың зұлымдықты жеңгенін, жамандықтан құтылуын  білдіреді. Дивали мерекесін Үндістанда мұсылмандар да атап өтеді. Бұл оттар жарығы фестивалінде қалалар мен ауылдардың көшелері мыңдаған шамдар мен отшашумен жарқырайды.

       Биыл фестивальге Үндістаннан келген Кошлая және Кавита (3 курс, 358 топ) ата-аналары қатысты- Сохан Лал Йоги, Раджендра Пачар мен Маина Деви. Олар балаларының жатақханадағы тұрмыстық  жағдаймен, сондай-ақ шетел бөлімі деканаты басшылығы және қызметкерлерімен танысып кездесті. Дивали фестиваліне қадірменді қонақ ретінде және діні рәсімді өткізу үшін шақырылды. Осы мереке күні ата-аналар барлық студенттерге жақсы білім алып, білікті дәрігер маман болуларына тілектестік білдіріп, құттықтады.

 

Шетел бөлімі деканы орынбасары

Шакирова Б.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі