2018 жылдың 16 қараша күні «Қоғамдық денсаулық мектебінің» белсенділері "Халықаралық шала туған балалар күніне" арнап санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді . Халықаралық шала туған балалар күні –
мерзімінен бұрын туудың алдын алу жөнінде хабардарлықты арттыру және
шала туған балалардың проблемалары мен олардың отбасыларында кездесетін қиындықтар мен проблемаларды шешу, оларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету керектігіне көпшілік назарын аударуға ықпал ету.
Іс-шараның мақсаты – №3 жатақхана студенттеріне ерте жастағы жүктілік проблемасы туралы, ерте жастағы сәбилердің және олардың отбасыларының проблемалары туралы хабардандыру болды.
Планетада жыл сайын шамамен 15 млн сәби басқа сөзбен айтқанда, орта есеппен әрбір туған 10-шы бала дүниеге уақытына жетпей туылады. Мерзімнен бұрын туылған балалар ауруға шалдыққан балалардың ең үлкен тобын құрайды.Статистикаға сәйкес, әлемде жаңа туған нәрестелердің қайтыс болуының жартысына жуығы ерте туылғандар.
Санитарлық-ағарту жұмыс барысында студенттерге бейнематериалдар мен презентациялар көрсетіліп және брошюралар ұсынылды. Студенттер сондай-ақ «28 ілмек» қайырымдылық клубының жұмысымен танысты. Қазақстанда, ол 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді, «28 ілмек» клубының мүшелері шала туылған балаларға арнап жүннен киім- кешектер тоқып перинаталдық орталыққа жібереді.