Шетел студенттерінің ата-аналары  балаларының оқу жағдайымен танысты

Шетел студенттерінің ата-аналары балаларының оқу жағдайымен танысты

2018 жылғы қараша айының басында біздің қаламызға Үндістаннан 3 курс студенттері Қошлая және Кавитаның  ата-аналары Сохан Лал Йоги, Раджендра Пачар мен Маина Деви келді. Олар жатақханаға барып, балаларының тұрмыстық жағдайымен танысты. Сондай-ақ, ата-аналар университетке барып, шетел бөлімі деканы А.У. Нуртазина, декан орынбасары Б.Т.Шакирова және деканат әдіскерлері А.Қ. Уристемова, Л.Е. Мигинамен кездесіп танысты. Алыстан келген қонақтар Дивали фестиваліне де шақырылды.

       Осы күндер аралығында студенттердің ата-аналарымен және білім беру мекемесі арасында  өзара тығыз байланыс құрылып, бірыңғай педагогикалық ұстанымды қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды. Кездесу барысында ата-аналардың ынтымағын, біртұтастығын, білім беру және тәрбие үрдісіне деген белсенділігінің көрінісін байқадық. Университет білім беру бағытында ата-аналармен үздіксіз байланыста болып, ашық пікір алысу, ата-аналық сезімдерін құрметтеу, үнемі серіктестік қатынасты қалыптастыруды көздейді.

      

Шетел бөлімі деканы орынбасары

Б.Т. Шакирова 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі