2018 жылғы 16 қараша күні Семей медицина университетінің №2 дәріс залында Дипломға дейінгі білім беру деканатының және филологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ тілінен латын әліпбиінде диктант өткізілді. Мақсат – латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау бейімделу.
Диктантқа «Жалпы медицина» мамандығының студенттері қатысты. Диктанттың мәтіні 80-90 сөзден тұрды. Ұзақтығы 30 минутқа созылды. Тексерудің нәтижесі бойынша, қатысқан 150 студенттің басым бөлігі өте жақсы деген нәтиже көрсетті.