Топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұжымы Абай мұражайында өткен баспасөз мәслихатына қатысты

Топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұжымы Абай мұражайында өткен баспасөз мәслихатына қатысты

2018 жылдың 21 қараша күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында Шәкәрімнің 1961 ж. сүйегі салынған чемоданның таныстырылымы болып өтті. Бұл чемоданмен Ахат Құдайбердиев Құр құдықта жатқан әкесі Шәкәрімнің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлеген болатын. Шәкәрімнің сүйегі салынған чемодан туралы Ахат Шәкәрімұлы, Мінәш Әрхамқызы Ысқақова, Досымхан Тоққараұлының естеліктерінен оқып танысуға болады.

   Бұл жәдігерді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының қорына 2017 жылы шілде айында Айдар Доланбеков тапсырған. Сонымен қатар, кафедра ұжымы жетекшілік топтармен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының жәдігерлерімен танысты және Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылықтарымен танысып, пікір бөлісті. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі