Семей медицина университетінің оқытушылары мен студенттері жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы  № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ісшаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша  өткізілген жалпыхалықтық диктантты Семей медицина университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері де жазды.  

Жалпыхалықтық диктантты алудағы мақсат – латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу болды. Диктант жазудың алдында филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Д. Жорокпаева мен Н.М. Абешова 15 минут бұрын  тыңдаушыларға латыннегізді қазақ әліпбиін, қазақ емлесінің негізгі ережелерін  түсіндіріп, арнайы жазу парақтарын таратты. Сонымен қатар, диктанттың оқылу  тәртібімен де  алдын ала таныстырылып өтілді. Жазылған диктанттарды филологиялық пәндер кафедрасының  оқытушылары тексеріп, қорытындысын шығарды

 

Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.М. Абешова 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі